Сымдар жүйесіндегі ақаулық

Қазіргі уақытта электр қуатынсыз өмір сүру мүмкін емес екендігі баршамызға мәлім.

Алайда электр көздерін пайдалануда мұқиятсыздық таныту түрлі проблемаларға алып келеді. Соның бірі – өртке алып келетін сымдар жүйесіндегі ақаулық, ал оның негізгі себептерінің бірі – сымдар жүйесінің жасы.

Бірнеше жыл бұрын монтаждалған сымдар жүйесі қазіргі заман талаптарына сай емес. Ал электр сымдар жүйесінің тозуы қысқа тұйықталуды, нәтижесінде жануды тудырады. Көп жағдайда қысқа тұйықталу өрттің пайда болуының себебі болуы мүмкін. Егер сымдар жүйесі дұрыс жұмыс істесе, фаза мен нөл сымы арасында ток арнайы қуат арқылы өтеді. Ал егер де қуат болмаса қысқа тұйықталуды тудырады.

Үйде және өндірісте қысқа тұйықталудың пайда болуы адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіпі бар. Қысқа тұйықталудың себебі сымды оқшаулаудың тозуы немесе сапасының төмендігі, сымдар арасы дұрыс қосылмауы. Мұндай жағдайлар облысымызда көп кездеседі. Көп жағдайда тұрғындар электр жүйелерін жүргізетін мамандардың тоқ жүйелерін жүргізуде техника қауіпсіздігін сақтамай, өрескел қателік жіберетіндігін айтып жатады. Алайда мамандарды ғана кінәлі деп санау дұрыс емес. Өйткені әр адам өзінің өмірі үшін жауапты болады.

Қорытындылай келе, аудан тұрғындарына айтатынымыз, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, адам өміріне қауіп төндіретін қысқа тұйықталу кезінде «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

А.МЕДЕТОВА,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT