Жиында еңбекке қатысты қақтығыстарды талқылады

Атырауда ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық кәсіподақ кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында кәсіподақ көшбасшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда қоғамдағы тұрақтылықтың маңыздылығын атап көрсеткенін айтты. Бұл біздің басты жетістігіміз.

Бұл мәселеде барлық деңгейдегі кәсіподақтардың жұмысына үлкен мән беріледі. Маңызды мәселелердің бірі - еңбек жанжалдарының алдын алу. Осы бағытта өңірімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

a

Атап айтқанда, әлеуметтік-еңбек жанжалдарын туындатпай дер кезінде анықтау және алдын алу үшін ұжыммен тығыз өзара қарым-қатынас жасау; өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде жоғары кәсіби органдардың қызметі туралы кеңінен ақпараттандыру; кәсіподақ қатарын ұлғайту.

- Еңбек заңнамасын сақтау, жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы барлық міндеттерді орындау мәселесі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында, - дейді Нұрлан Ноғаев.

Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, облыста кәсіподақтар бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде. Көптеген мәселелер кәсіподақ ұйымдарының тікелей қатысуымен шешіледі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселесіне тоқталды. Мәжіліске бағытталған жаңа заң білім саласы қызметкерлеріне үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Сол себепті, жыл сайын жас мамандарды даярлау бағытында гранттар бөлінуде, басқа өңірлерден қажетті кадрлар тартылып, баспана мәселесі шешілуде. Өткен жылдың өзінде 32 жас маман бюджеттік несие алған болса, 125 маман бір реттік көтерме жәрдемақы алды. Ағымдағы жылдың басынан бері 51 маманға мемлекеттік көмек көрсетіліп, 33 адам баспанамен қамтамасыз етілген.

Шағын және орта бизнесті дамыту шаралары туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов ақпарат берді. Биылғы жылы 2000 адам оқытылып, жобаларын іске асырды. Жалпы құны 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл адамдарға тұрақты табыс табуға, болашақты жоспарлауға және экономиканың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

- Экономикасы дамыған Атырау облысында жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Жұмысшылардың құқығын қорғау әрқашан мемлекет пен кәсіподақтардың бақылауында. Жұмыс берушілермен бастапқы кезеңде өзара түсіністік, мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Атырау облысының Өңірлік

коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT