Жалғансайда «My village» шеберханасы ашылды

Жалғансай ауылында тамырлы көкөністерді өңдеу шеберханасы «My village» ашылды.

Бұл цехтың иесі, «Ақбаян» жеке кәсіпкерлігі жетекшісі Жадыра Кенжеғұл «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының грант шеңберінде «Ваккумда оралған, тазаланған және пісірілген көкөністердің жартылай фабрикаттарын өндіру жобасымен 2,5 млн теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болды. Итальяндық құрал-жабдықтармен қамтылған цех қуаттылығы айына 6 тонна көкөніс өндіру. Әзірше кәсіпорын 3 адамды жұмыспен қамтымақ.

seh

Цехтың ашылу салтанатын облыстық «Атамекен» ҰКП директоры А.Идресов сөз алып, инновациялық идея облыс бойынша алғашқы рет іске қосылғанын айтып, сәттілік тіледі. Аудан әкімінің орынбасары М.Жұмахметұлы да цех ашылуымен құттықтап, 2019 жылдың тамызында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбесін ұйымдастыру бойынша Жалғансай ауылдық округі, Атамекен облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Ақбаян» ЖК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын тілге тиек етіп, аудандағы алғашқы цех екенін меңзеп, бизнесі өркендеуіне тілектестік білдірді.

zeh8025seh1

seh2

Әулет атынан Р.Сабырқызы да ақжарма тілегін арнады. Міне, цехтың ашылу салтанатында дәстүрлі лентаны облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Хамиұлы мен Р.Кушенбаева қиды. Бәрі цех ішіне кіріп аралауға көшті. Технолог маман У.Ескали өнімді қалай өңдеу қажеттілігін түсіндіріп, қалай өңделетінін де көрсетті. Үлкен цех екі-үш бөлмеден тұратын болып шықты. Келесі бөлікте көкөністер қоймасы орналасыпты.

А.Қуанышқалиева

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521