Жеті нүктеге бейнекамера орнатылған

Сыбайлас жемқорлық тек мемлекеттік қызмет саласында жасалатын қылмыстардың жиынтығы ретінде қарастырылмай, кең мағынада адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке баюдың белгісі деп түсініп, теория мен практикада тұлғаның қызмет бабын пайдалана отырып, әртүрлі формада жасақталған қасақана қылмыстық әрекеті ретінде түсінуіміз керек.

Сыбайлас жемқорлық-қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары мемлекеттік қызметшілермен семинар, лекция, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, мемлекеттік мекемелерден келіп түскен құжаттарды заңдылыққа сәйкес орындау, оларды орындауда бұрмалаушылыққа, негізсіз орындамай қайтару жағдайларына жол бермеу, басқа да іс-шараларды қамтиды. Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің алдына мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқару, таныстыққа жол бермеу, азаматтармен қарым-қатынас жасауда сыпайылық таныту, мүлік және табыстары туралы декларацияларын дер кезінде тапсыру міндеттері қойылған.

Осы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жадынамалар, мемлекеттік қызметшілер әдеп кодексінің мәтіні, азаматтардан өтініштер мен арыздарды қабылдау үшін арнайы жәшік орналастырылған. Сондай-ақ басқармада 7 нүктеге бейнекамера орнатылған. Іс-құжаттар қабылдау арнайы кеңес арқылы жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу-жалпы қоғамның басты міндеті мен борышы. Сондықтан да мемлекетіміздің бұдан әрі өркендеп-көркеюі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп, ымырасыз күрескеніміз дұрыс. Сенім телефоны: 2-12-89.

Г.ШАКИМОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT