Жерлесіміздің кезекті жеңісі

Жуырда Атырау қаласында қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашев­ты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан республикалық турнирдің бұрынғыдан ерекшелігі биыл халықаралық деңгейге көтеріліп, оған еліміздің 7 облысынан бөлек, көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келіп, барлығы 100-ден аса жас былғары қолғап шеберлері өзара бақ сынады.

Жас боксшылардың шеберлігін шыңдап, шетел боксшыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген турнирде 85 келі салмақ дәрежесінде ауданымыздың намысын қорғаған Бейбарыс ауылының тумасы Ибатол­ла Жарас І орынды иеленіп, чемпион атанды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT