Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде саяси қуғын- сүргін құрбаны Өтеміс Есболұлы Избуловтың рухына арналған жасөспірімдер арасында кіші аяқ доптан турнир ұйымдастырылды
Оған «Махамбет», «Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі», «Дастан» және «Барыс» командалары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир қорытындысымен «Дастан» командасы жүлделі III орынды, «Махамбет БЖСМ» командасы ІІ орынды, ал «Махамбет» командасы І орынды иеленіп, турнирдің чемпионы атанды.
Сонымен қатар үздік ойыншылар да арнайы марапатқа ие болды. Атап айтсақ, «Үздік қорғаушы» Баянды Бекнар (Барыс командасы), «Үздік қақпашы» Сұлташ Бексұлтан (Дастан командасы), «Үздік ойыншы» Бауыржанұлы Нұрғиса (Махамбет командасы), «Үздік шабуылшы» Қамидолла Батырхан (Махамбет БЖСМ), «Үздік сұрмерген» Қайрат Абдулазиз (Дастан командасы) болып танылды.
Жарыс соңында марқұмның ұрпақтары атынан Махамбет Избулов және ардагер спортшы Абат Қабенов сөз сөйлеп, спортшыларға алғыстарын білдірді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом, медаль, кубок және сыйлықтар табыстады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ