Жерлесіміз «Үздік медиа маман» аталымына ие болды⠀⠀

Атырауда «Жасыл ел» жастар жасағының еңбек маусымы қорытындыланды.

Бүгін, 2020 жылдың 17 қараша күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XVI маусымының жабылу салтанаты өтті. Мерекелік жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова маусым бойы белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көрінген бір топ жасты «Үздік жоба», «Үздік командир», «Үздік медиа маман», «Үздік штаб», «Үздік жұмыс беруші», «Жыл серпіні», «Үздік сарбаз» аталымдарымен марапаттады.

ar171120

Марапатталғандардың ішінде ауданымыздың белсенді жасы Нұрғалиев Шыңғыс "Үздік медиа маман" аталымын еншіледі.⠀

-Ауданымызда белсенді жастар көп. Солардың бірі де бірегейі - Шыңғыс Нұрғалиұлы өнерімен өрге жүзіп, әншілігімен көзге жиі түсіп жүрген белсенді жас. Талай өнер додаларында оқ бойы оза шапқан Шыңғыс қашанда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Міне, бүгін Шыңғыс Нұрғалиұлы «Үздік медиа маман» аталымын иеленіп отырғанына қуаныштымыз. Жүлдең құтты болсын, Шыңғыс! - дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Жайлыбайұлы.

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз