Бақсайлық шаруагер «Құрмет грамотасымен» марапатталды

Махамбет ауданы ауыл шаруашылығының дамуына өзіндік мол үлесін қосып жүргендердің бірі – бақсайлық шаруагер Бағытжан Жарасов.

Құтты қонысы Бақсайдағы шаруасын дөңгелентіп отырған еңбекқор шаруагердің еңбегі еленіп, ауыл шаруашылығы мерекесіне орай Көздіқара елді мекенінің тұрғыны "Жарасов Б" шаруа қожалығының жетекшісі Бағытжан Жарасов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

gramota171120

- Бұдан бұрын да сол еңбегі үшін түрлі дәрежедегі марапаттар иеленіп келе жатқан жанның жуырда тағы да мерейі үстеді.Майталман шаруагердің маңдай терінің өтеуіндей көрінген ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталғаны көңілге қуаныш ұялатады. Марапатыңыз құтты болып, еңбегіңіз жана берсін, шаруагер! –деді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Дауылбаев.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз