Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бағытын насихаттау мақсатында Атырауда орталық мешітте “Батаменен ел көгерер” атты бата беру сайысы өтті.⠀
Сайысқа 55 жастан жоғары Атырау қаласынан және аудандардан 12 ақсақал қатысып, бақ сынады. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім таныстыру – әр қатысушы өзі білетін батаны нақышына келтіріп жете түсініп орындау болса, екінші бөлімде арнайы дайындалған салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы қазыналы қариялардың білім деңгейі сыналды.⠀
Жарыс қорытындысы бойынша Атырау қаласынан қатысқан Айтқали Қашқынов жүлделі бірінші орынды, Махамбет ауданынан қатысушы Амангелді Есенғалиев екінші орынды иеленді. Мақат ауданы атынан қатысушы Шаяхмет Боханұлы мен орталық мешіт жамағаты Ержан Аманқосов жүлделі үшінші орындарды бөлісті.⠀
⠀
Өз тілшіміз