Сарайшықтық Жарқынай «Махамбет ханымы» атанды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде аудандық Жастар Ресурстық орталығының тапсырысымен «JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Махамбет ханымы» байқауы ұйымдастырылды.

Оған барлығы 6 үміткер қатысты. Байқаудың мақсаты – әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау болды. Алғашқы таныстыру, фотосессия, өз ойым кезеңдері «Инстаграмм» әлеуметтік желісі арқылы бағаланды. Бұл кезеңдерде үміткерлер әлеуметтік желіде бір күндік іс-әрекеті туралы бейнебаян, классикалық және спорттық үлгідегі киіммен түскен фотосурет және «Қоғам және әйел» тақырыбындағы өзіндік ойларын жариялады. Ал сахна төрінде шаш өруден, отбасында кездесетін түрлі жағдаяттан тапқырлықпен шыға білуден және өнерін ортаға салудан бақ сынады.

313e186f-3687-4528-afea-15d744a005e4

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Мөлдір Тайшұнақова (Жалғансай ауылы) «Тапқыр ханым», Эльза Саликова (Есбол ауылы) «Өнерлі ханым», Мерует Ишберген (Ақжайық ауылы) «Сымбатты ханым» аталымдарына ие болды. Гүлжазира Сайлауова (Бақсай ауылы) ІІІ орынды, Айгерім Қисмаева (Бейбарыс ауылы) ІІ орынды иеленді. Байқаудың бірінші орыны және «Махамбет ханымы» атағын Сарайшықтан келген Жарқынай Жұмағалиева жеңіп алды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз