Махамбет ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне арналған «Еңбек-елдің берекесі» атты ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Аудан әкімі Ринат Жанқылыш ауыл шаруашылық қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтап, толайым табыстар тіледі. Мұнан әрі аудан басшысы бір топ ауыл шаруашылық қызметкерлерін төсбелгімен марапаттады. «Атырау агроөнімдері» ЖШС директоры Тимур Владимирович Розметов «Елеулі еңбек» төсбелгісін кеудесіне тақты. «Сарайшық асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС атқарушы директоры Эрнет Сергеевич Шефер І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталса, «Атырау Агроөнімдері» ЖШС бас агрономы Виктор Александрович Шефер де І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін иемденді.

9283684a-ebf4-4b39-912b-e709ae210732

7c9f1381-0978-4e10-8067-d14ea5476b18

«Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылық ЖШС сауыншысы Мусаева Балзия Сарсенбекқызы ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақса, осы серіктестіктің бас шопаны Өнербаев Абдималик Түгелбайұлы да ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды. Ал ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне «Атырау Агроөнімдері» ЖШС аспазшысы Хилалова Құрбангүл Сарсенбайқызы иеленді. Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатымен «Бірінші мамыр» ЖШС есепшісі Сағындықова Алтынай Қизатқызы, «Дастан» шаруа қожалығының шаруашылық жетекшісі Қалбаев Дархан Әлімұлы, «Нұргүл Жұмағалиева» ШҚ аға бақташысы Темірғалиев Кәрім Қуанұлы, Сарайшық ауылының ветеринария пунт меңгерушісі, мал дәрігері Бибігүл Сұлтанова, «Ақкенже» ШҚ жетекшісі А.Саташева, «Қорғанә ШҚ жетекшісі Ерлан Қайыржанов, «Басшы» ШҚ жетекшісі Әділхайыр Түспаев, Ақтоғай ауылдық округінің мал дәрігері Ізбасар Лұқпанов марапатталды.

6e0ca9e5-065d-4a11-b96f-202d6201d2b9

0107490f-c667-4f9e-b623-99ebffeec861

Ауыл шаруашылық күнімен аудандық мәслихат хатшысы Қайыржан Мәжиев те құттықтап, агрокешен елімізді азық-түлікпен қамтып отырғанын алға тартып, аптап ыстықта, үскірік аязда шаруагерлер мал соңында жүретінін айтып, табыстан-табысқа кенеле беріңіздер деген ақжарма тілегін арнады. Бір топ мал мамандарын мәслихаттың «Алғыс хатымен» марапаттады. Атап айтсақ, «Құрман» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Құрманов, «Арман» ШҚ жетекшісі Руслан Кабдыкаримов, Ақтоғай ауылының ветеринариялық пункт меңгерушісі Сәтжан Жоламанов «Алғыс хатқа» ие болды. Шара одан әрі «Отырар сазы» драмалық-академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концертіне ұласты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521