Жергілікті кәсіпкер ағамыз қашанда қайырымды іс жасайды

Мың айдан да қайырлы Рамазан айында барша мұсылман баласы бір-біріне қол ұшын созып, жоқ-жітігін толтырғысы келіп тұрады. Шамасы келген зекетін, енді бірі пітір-садақасын беріп, Алланың рахымынан үміт күтеді.

Сондай жандардың бірі жергілікті кәсіпкер ағамыз Ұзаққали Сәлиев Үмбетұлы. Біраз жылдан бері қазақтың төрт-түлігін ұстап, мал шаруашылығымен айналысып, жеке қожалығын ашқан ол кәсібінің нәсібін көріп отырған азамат.

Қашанда ағайын-туыс, көрші-көлем, жақын-жуықтың қуанышына көмегін беріп, қолдап жүретін Ұзаққали аға биылғы Рамазан айында да бір ірі қарасын сойып, 11 үйге ет, басқа да маңызды азық-түлік түрлерінен құралған себеттерін таратты.

Сарытоғай, Махамбет ауылдарына қарасты әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларды аралап, қайырымды іс атқарды.

«Жақсының жақсылығын айт» демекші, ағамыз секілді жомарт жандардың жақсылығы жастарға тек үлгі болсын дейміз.

А.САТАЕВА

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT