Басылымның әр нөмірін асыға күтеміз

Жалпы біз бұрыннан аудан айнасын алдыратын едік. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығына ұжым болып, «Жайық шұғыласы» газетіне біркісідей жазылғанды жөн көрдік.

Кітапхана қашанда газет редакциясымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Кітапханада өтетін іс-шараларымыз да газет бетінен үнемі орын алып келеді. Сонау кеңестік дәуірде халықты сауаттандыру жұмысы да осы «қызыл отау», кітапхана арқылы жүзеге асты.

Соңғы кездері газетте өңір, ауданымыз өмірінен сыр шертетін құнды материалдар жиі жарық көріп жүр. Газет бетінде жарияланған мақалалардың бәрі көкейге қонымды. Кітапханадағы 17 адам түгелдей балама жазылумен «Жайық шұғыласына» жазылып отыр. Біз үшін аудан айнасының маңызы зор. Оның әр нөмірін қашанда асыға күтеміз.

«Сын түзелмей, мін түзелмес» дегендей, газетте кейде өткір сын материалдар да жарық көріп жатқанын көріп жүрміз. Біз қаламгерлерге жазар көбейсін деген ізгі тілегімізді жолдаймыз.

Шынар Измағанбетова,

аудандық орталық кітапхана директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз