Іс-шараға аудандық соттың судьясы А.У.Ергазиева, кеңсе-бас маманы А.Косымбаева, кәсіби медиаторлар және аудандық Билер кеңесінің мүшелері Ж.Мұғауова, М.Ещанов (whatsapp) желісі арқылы қатысты.
Сот судьясы А.Ергазиева дөңгелек үстелді ашып, Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асановтың татуласу рәсімдеріне қатысты үндеуіне тоқталып, онда кез келген даудың бітіммен аяқтау қажеттілігі нақты айтылды. Қазіргі уақытта татуластыру рәсімдерін, соның ішінде медиацияны дамытуды ынталандыруға бағытталған жаңа тәсілдерді пысықтау, сотқа дейінгі дауды реттеуді кеңінен қолдану аясында, халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуді күшейту керектігін айтып өтті.
Кәсіби медиатор, аудандық билер кеңесінің мүшесі Ж.Мұғауова өз сөзінде Төтенше жағдайда жеке адамдардың экономикалық даулар бойынша және отбасы тұрмыстық қатынастар, мектеп медиациясы аясында, яғни ата-ана мен ұстаздар арасында, оның ішінде (ТЖ кезінде балаларға онлайн сабақ өткізу) кезінде туындаған мәселелер бойынша құқықтық көмектер беріліп, аталған даулар шешімін тауып медиатордың көмегімен өзара татуласқандарын айтты.
Аталған даулар бойынша құқықтық көмектер онлайн түрде берілген. Тақырып бойынша аудандық Билер кеңесі мүшесі, кәсіби медиатор М.Ещанов ұсыныстар айтып, даулардың сотқа дейін реттелуіне, бітімгершілікпен бітуіне құқықтық көмектер онлайн түрде берілгенін айтып, ол жөнінде мысалдар келтірді.
Мәжіліс төрайымы А.Ергазиева «Дөңгелек үстелдің» қатысушыларына дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын насихаттау қажеттігі туралы айтып, онлайн татуластыру бойынша күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.