Өздеріңізге белгілі, 2025 жылдың 18 шілдесінде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңа Салық кодексінде жер салығы мен төлемақыларда өзгерістер көзделген. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.
Шекаралары өзгерген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылса, елді мекендер шегіндегі осындай учаскелердің жер салығын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін ставкаларымен есептелінеді.
Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша (меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген күннен бастап) салықтың базалық ставкалары қырық есеге ұлғайтылады. Төлемақыларға тоқтатыла келсек, Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы алынып тасталды (алкоголь өнімдерін сату, ойын бизнесі).
Орман пайдалану құқығын алған, өрттерден өткен учаскелерде аралық пайдаланып кесуді және өзге де кесуді жүзеге асыратын адамдар, егер мұндай өрттердің ауданы жүз гектардан астам болса, орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылды.
Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары блоктардың санына және барлау кезеңіне байланысты белгіленген.
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 20 еседен 40 есеге дейін, яғни 2 есеге ұлғайтылды.
Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы бойынша төлемақы төлеушілері ретінде сыртқы жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы жарнама орналастырылатын ғимараттардың (құрылыстардың) меншік иелері белгіленді.
Елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша:
- облыстық мәслихаттар төлемақы мөлшерлемелерін 50 пайызға дейін төмендетуге немесе 100 пайызға дейін ұлғайтуға;
- астана мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары 50 пайызға дейін төмендетуге немесе 200 пайызға дейін ұлғайтуға құқығы бар.
Г.Муханова,
Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының Салық төлеушілермен
жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы


