Жер дауын емес, жер игілігін көбейтетін бастама

Ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуы – әр ауданның экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Соңғы жылдары игерілмей бос жатқан немесе заңсыз иеленіп алған жерлердің көбеюі ауылдық аумақтардың әлеуетінің толық ашылуына кедергі келтіріп келгені жасырын емес.

Мемлекет басшысының жерді қайта түгендеп, заңсыз алынған телімдерді кері қайтарып, оны шын мәнінде еңбек етіп, жердің қадірін білетін азаматтарға беру туралы тапсырмасы – ауыл шаруашылығындағы тәртіп пен әділдікті орнатуға бағытталған өте орынды қадам. Бұл бастама аудандардағы шаруалардың мүмкіндікке қол жеткізуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жердің нақты игерілуіне жол ашады. Жері бар, бірақ оны пайдаланбай отырған азаматтар үшін бұл – жауапкершілікті күшейтетін маңызды белгі. Ал адал еңбек етіп отырған шаруалар үшін – жаңа мүмкіндіктер.

Жердің бос жатпай, нақты мақсатқа сай пайдаланылуы – ауыл экономикасын көтерудің, жергілікті халықтың табысын арттырудың басты шарты. Президенттің бұл тапсырмасы аудандардың дамуына тың серпін беріп, ауыл шаруашылығындағы әділдік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Ең бастысы – жер шынайы еңбек ететін, оның құндылығын түсінетін азаматтардың қолында болуы тиіс.

 

Д.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT