Жер туралы ақпарат электронды парақшада

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресте жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі екендігін атап өткен болатын.

Осыған орай Елбасы жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырып, аталған мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты пайдаланушыларға және инвесторларға беру керектігіне тоқталған еді. Жолдауда айтылған міндеттер мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Махамбет ауданында жер қатынастары саласын цифр- ландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылдың маусымынан бастап Махамбет ауданы жер қатынастары бөлімінде «Қолжетімді әкімдік» атты мемлекеттік қызметтерді көрсетуге және құжаттарды қабылдау мен өңдеуге арналған бұрыш жұмыс істеуде. Сондай-ақ 2017 жылдан бастап «Facebook» электрондық парақшасында «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» атты бетше іске қосылды. Бұл парақшаның жұмысы жер қатынастары бойынша сұрақтар қабылдау, Жер кодексінде және оған тәуелді заңнамаларында болып жатырған өзгерістерді кейіннен жәриялау және түсіндіру, ауданда конкурс пен аукцион арқылы берілуі жоспарланған жер учаскелерінің орналасқан жері мен көлемін қарауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ «Атырау облысының Геопортал» веб сайты жұмыс істеуде. Азаматтар мен заңды тұлғалар сауда-саттығына қойылған ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттардағы бос жер учаскелері туралы ақпаратты қарай алады. Парақшадағы қолжетімді ақпарат тұрақты түрде жаңартылады.

Махамбет ауданы бойынша республика төңірегінде ағылшын тәсілімен коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне жалдау құқығын электрондық аукцион арқылы сату алдағы уақытта арнайы портал арқылы аудан бойынша жер сауда-саттығын өткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде өтініш берушінің тікелей байланысы алып тасталып, жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады».

Ғ. МЫРЗАҒАЛИ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521