"Қызғалдақ" бөбекжайында Алтынай Аймағамбетованың ұйымдастыруымен ортаңғы "Жұлдыздар"тобында "Жасыл шырша жанында" ертеңгілік шарасы өтті.
Ертеңгілік барысында бүлдіршіндердің сахналауымен орман ішіндегі аңдардың "Жаңа жылды қарсы аламыз" қойылымы балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар жасыл шыршаны айналып, ән,би,өлеңдерін айтса,ата-аналардың қатысуымен "Кім шапшаң?" ойыны ұйымдастырылды. Шара соңында ата-аналар бөбекжай ұжымына деген жылы лебіздерін, құттықтау тілектерін білдірді.
Өз тілшіміз.