Жаңғыртудың жолы — ортақ жауапкершілікте

Соңғы жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі қоғамда өзекті тақырыпқа айналды. Бұл салада қордаланған мәселелерді шешу үшін тек бюджетке сүйену жеткіліксіз екені байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекет өкілі айтқан ойдың маңызы зор.

Мемлекет пен жеке бизнес арасындағы серіктестіктің тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген. Тұрғын үй-коммуналдық саласы – күрделі инфрақұрылым, үлкен қаржыны, технологиялық жаңартуды және ұзақ мерзімді басқаруды талап ететін бағыт. Сондықтан бұл іске бизнес өкілдерін тарту – қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық өзгерістерді енгізу мен заманауи технологияларды пайдалану да тек бірлескен күш арқылы жүзеге асады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту үшін мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік – уақыт талабы. Егер бұл бағыт жүйелі түрде дамытылса, халықтың өмір сапасы жақсарып, саладағы түйткілдер біртіндеп шешілер еді. Сондықтан айтылған пікір орынды және ел дамуы үшін маңызды бағытты көрсетеді.

 

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT