Жалпы адамзат тарихында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр да күрделі дерт екені жасырын дүние емес.
Демек, бұл ауыр дертпен бар күш-жігерімізді салып күресу, түп тамырымен жою әрбір қазақстандықтың басты міндеті дегенді айтқым келеді. Кез келген салада, кез келген қоғамдық немесе жеке орындарда ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді доғарғанымыз жөн. Жеке бастың ауыртпашылығы мен артылған жауапкершіліктен арылу мақсатында пара, тағы да өзге жолмен жалтару адамның игі ісі емес. Бұл ойланған әрбір саналы адамға пайда әкелмейді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Осы бағытта, заңда тайға таңба басқандай етіп анық көрсетілгеніндей, мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелетінін айта кеткім келеді.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы департаментімен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүзеге асырылып, өңірде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданымызда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
«Атырау Адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесі құрылған уақыттан бастап бірқатар жұмыстар атқарды. Атап айтар болсақ, «Сапалы жол», «Антикор Live» жобасы аясында ауданымызға жол және бірқатар салаларға мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын.
Аудан әкімдігімен бірге тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдарға байланысты жобалық кеңсе мониторинг жүргізіп,аудан әкіміне әртүрлі салаларға байланысты ұсыныс беріліп келеді.
Жобалық кеңсенің негізгі мақсаттарының бірі- жергілікті әкімдіктің қызметін «сервистік әкімдік» форматында жасақтау.Өйткені, мемлекеттік қызмет көрсетудің басым бөлігі жергілікті атқарушы органның үлесіне тиетіндіктен бұл жұмыстың ашық болуы, қолайлы ортада жүзеге асырылуы сыбайлас жемқорлық алғышарттарының жойылуына мүмкіндік береді. 2020 жылдың қараша айында аталған тапсырмаға сәйкес ауданымызда Елбасының тапсырмасына сәйкес халық пен биліктің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық әкімдік» ғимараты ашылды. Сол «Ашық әкімдік» ғимаратында аудан әкімі,ауылдық округ әкімдері,бөлім басшылары қоғамдық қабылдау өткізеді. Сонымен қатар тұрғын үй, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ЭЦҚ кілтін, әр түрлі анықтамалар алу,өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы мамандары отырады. Аудан тұрғындары сол «Ашық әкімдік» ғимаратына өздерінің мәселелері бойынша келуге болады.
Бүгінде 2021 жылы өз жұмыстарын жалғастырған «Атырау-Адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесі халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналды десем де қателеспес едім. Осы мақсатты жүзеге асыруда жобалық кеңсе қаңтар айында аудан тұрғындарының арыз-шағымдарына байланысты ауданымыздағы «Дос», «Берекет», «Молшылық», «Әділжан» азық-түлік дүкендерінің 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бақылау мақсатында аудандық ауыл және кәсіпкерлік бөлім басшылары және аудандық мәслихат депуттары, қоғам белсенділерімен мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын.Мониторинг барысында бүгінгі күні аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің шектік бағалары тұрақтылығы және сөрелердегі азық-түлік бағаларының жазылмағандығы,чекте әр заттың бөлек-бөлек атауымен көрсетілмейтіндігі анықталды. Аудан кәсіпкерлеріне аталған кемшілікті қалыпқа келтіруге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне жататын өнімдердің бағасын көтермеу жөнінде негізсіз баға өсімі болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершіліктер көзделгені жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жобалық кеңсенің жұмысын дамыту мақсатында 15 наурызда Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы мен Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел ағамыз келіп, ауданның мәдениет және кітапхана қызметкерлерімен, аудан зиялыларымен,құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Атырау адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесі аудан көлемінде коронавирус індетінің таралуына байланысты аудандық емханасындағы дәрі қоймасына мониторинг жұмысын жүргізген болатын.Мониторинг барысында аталған емханадағы дәрі қоймасындағы аталған індетке байланысты дәрілер 2 айдан аса уақыттан аса мерзімге жеткілікті екендігі анықталды.
Жобалық кеңсе аудан әкімдікпен бірге жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері аудандық әкімдік жанынан құрылған аудандық ақпараттық үгіт-насихат штабымен бірге аудандық мәдениет тілдерді дамыту,спорт және дене шынықтыру бөлімімен және аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандарына, аудандық Ішкі саясат бөлімі мамандарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген болатын.
Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұстанымы жастар үшін маңызды бастама. Жобалық кеңсе осы бастама аясында да жүйелі жұмыстар жүргізді. Атап айтар болсақ, қазіргі жағдайға байланысты онлайн «ZOOM» платформасы арқылы жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында аудандағы мектептердің «Адал ұрпақ» ерікті клубтарының мүшелеріне адалдық пен парасаттылық құныдылықтарын дәріптей отырып онлайн кездесулер өткізді.
Сонымен қатар жобалық кеңсе аудан тұрғындарына арыз-шағымдарына байланысты қазіргі жағдайға байланысты «Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне талдау және қоғам алдындағы ашықтық» тақырыбында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әжіғалиева Гүлшат Бақтыбайқызымен тікелей эфир өткізген болатын.Тікелей эфир барысында карантин уақытындағы ауданда атқарылып жатқан іс-шаралар және бөлімдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен тоқталып өтті.
«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған деген нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында жобалық кеңсе аудан мәслихат депутаты және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлымен, азаматтарға арналған үкімет КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Махамбет аудандық бөлімінің басшысы Мұхамбетқалиев Бақытбек Жалғабайұлымен тікелей эфирлер өткізген болатын. Жобалық кеңсе алдағы уақытта аудан тұрғындарының арыз-шағымдарына байланысты халық пен биліктің ашықтығын қалыптастыру мақсатында аудан әкімдігімен қоғамдық қабылдаулар өткізіп, аталған мәселелері бойынша қоғамдық бақылаулар жүргізіп отырады. Қоғамымыздың індеті, сыбайлас жемқорлықпен күресу тек жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, үкіметтің, жалпы қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны адал орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза ұстауы қажет. Тек сонда ғана оларға қарапайым халықтың сенімі артып, қоғам түзелер еді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Айбек СИРАШ,
«Атырау Адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсе жетекшісі,
аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі