Бас жүлде «Нұр Ару» би тобында

Махамбеттік жас өнерпаздардың жеңісі.

Жақында Ақтау қаласында өткен халықаралық көп жанрлы "Қазақстан таланттары" атты балалар, жасөспірімдер және ересектер фестивальдік байқауында махамбеттік "Нұр Ару" би тобы қатысты.

bi9621-1

Фестивальға жан-жақтан жалпы саны 65 топ келген. Нәтижесінде бірнеше топты топ жарып "Нұр Ару" би тобы үздік атанып, бас жүлдені қанжығаға байлаған өнерлі өрендер аудан абыройын асқақтатты. Биші қыздарымызды дайындаған би тобының жетекшісі Білім Аруева.

diplom9621

-Ақтауда өткен фестивальге «Нұр-Ару» би тобының үш құрамындағы қыздары барды.Кіші топ 5-7 жас аралығындағылардан 10, орта топтан 8-10 жас аралығындағы 10 және үлкен топтан 11-14 жас аралығындағы 10 адам барды. Аталған топтардағы барлық қатысушы биші қыздарымыз 1 би билеп,топ бойынша бас жүлдеге ие болдық, - дейді Білім Рысқалиқызы.

Ауданымыздың өнерін өрге көтерген жас өнерпаздарымызға талмас қанат, шабыт тілейміз.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз