Н.АРУЕВ: «Аурудың алдын екпе алады»

Соңғы бірер жылдың бедерінде әлемді жайлаған індеттің қаупі әлі сейілген жоқ.

Ол күллі дүние жүзі халқын алаңдатып отыр.Біздің Қазақстан халқы да осы індетпен күресуде. Дәрігерлер бұл тажалды ауыздықтаудың ең дұрыс жолы екпе алу деп отыр. Мен де осы тұжырымды құптап, жуырда екпе алдым.Өзімді жақсы сезінудемін. Бұл сіздер үшін де дұрыс шешім болар еді. Мұндай қадам індеттің таралуын тоқтатып қоймай,оның түбегейлі жойылуына да сеп болар еді.

Ендеше, еш қорықпастан, екпе алсаңыздар сіз өзіңізден бастап күллі жақындарыңызға көмектескен боласыз. Біз осындай шараларға көңіл бөлу арқылы қоғамға игі ықпал жасай аламыз.Осылайша індетті елден қуамыз. Егер әртүрлі алып-қашпа сөздерге еріп, жайбарақат жүре берсек, онда бұл індеттің тоқтауы қиын.

Екпе алу науқанын жариялау арқылы мемлекет дұрыс шешім қабылдап отыр деп сенемін. Сондықтан баршамыз да оны қуаттап, қолдайық.

Нұрғали АРУЕВ,

аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз