Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның әділдігіне және азаматтардың құқықтарына тікелей зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Ол мемлекетке деген сенімді әлсіретіп қана қоймай, экономикалық өсімді тежейді, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңы азаматтардың заң алдындағы теңдігін, ашықтықты және адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заң үстемдігін сақтау. Заң бұзушылық фактілерін жасырмай, тиісті органдарға хабарлау – азаматтық борыш. Сыбайлас жемқорлықты жою тек қана мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Әрбіріміз әділдікке, ашықтыққа және жауапкершілікке негізделген қоғам құруға үлес қосайық. Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар қабылданған шешімдердің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзіреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.
Есбол ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жылына бір рет жүргізіліп отырады. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер қаралып келеді.
Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлы тәсілдерін ұлғайту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі оңай және қолжетімді, уақытша шығындарды кемітеді. Өтініш бойынша жұмыстың әр кез еңі нд е хабарландырылады. Процестің барлығын үй немесе жұмыс компьютерінен орындау жемқорлық тәуекелдігін азайтады. Осы орайда Есбол ауылдық округі әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 1 қазаны №301 Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген 5 қызмет түрі көрсетіледі. Олар: 1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; 2) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»; 3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»; 4) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»; 5) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетуде кешіккен құжаттар немесе мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер, шағымдар болған жоқ. Барлық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда шешім шығарылады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту шешімі қабылданады. Аппарат ғимаратында округ тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында интернетке қосылған компьютермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасап тұр.
Есбол ауылдық округі әкімі аппараты