Дзюдода жүлде алғандар

Спорт – жасөспірімдердің бойына табандылық пен төзімділік дарытатын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын маңызды сала. Ауданда дзю­до күресіне қызығушылық танытып жүрген жас балуандардың жетістігі де көңіл қуантады.

Индер ауданында белгілі спортшы Айболат Гумаровты еске алуға арналған 2013-2014 жылы туған қыздар және ұлдар арасындағы дзюдодан аудандық ашық біріншілік өтті. Жарысқа Атырау мен Батыс Қазақстан облысынан келген жас балуандар қатысып, татамиде өзара бақ сынасты.

Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де бұл турнирде табысқа жетті. Қыздар арасында 34 келіде белдескен Жансел Жасұланқызы қола жүлдені жеңіп алды. Ал ұлдар арасында 46 келіден жоғары салмақта күрескен Ұлан Темірбек күміс жүлдеге ие болса, 38 келідегі Хамит Ғаниұлы қолаға қол жеткізді.

Сонымен қатар Диас Құмар, Имран Бағытжан, Батыр Аюсин үшінші орын үшін болған белдесуде жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады. Жас балуандарды жарысқа дайындаған бапкер­лер – Сәдуақас Тәжбентай, Амангелді Маменов, Жігер Би­сен және Алишер Балабаев. Бұл жеңістер аудан дзюдосының даму деңгейін көрсетіп қана қоймай, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT