Жемқорлықпен күрес – бәрімізге ортақ іс!

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып, жұмыс жасап келеді.

Ай сайын мекемеде сыбайлас жемқорлыққа жиналыстар өтіп, хаттамалар толтырылып тұрады. Тамыры тереңге кеткен жем- қорлықтың бүгінгі деңгейі алаң- даушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр кездегідей міндетті борышымыз деп санай білсек, көптеген заңсыздықтардан, жат қылықтардан өзіміз ғана арылып қоймай, өзгелерді де арылтамыз.

Бар мәселені заң және құқық қорғау қызметкерлері атқарады деп солай қарай итере салсақ, қоғамға жат элементтер жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай болып өрби бермек. Тағы бір айтар мәселе, біз жастардың бойында өзіміздің бойымызда бар жақсы қасиеттерді қалыптастыра алсақ, бұл болашақ бақытты күндердің шыбығын қадаған бағбанның өнегелі әрекетімен астасып жатары сөзсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біз қолданатын әдістер мен тәсілдердің, саяси, азаматтық әрекеттеріміздің үлкен – кішісі болмайтынын санамыздан бір сәтке сызып тастамауымыз керек. Көп болып жұмылсақ, көп нәрсе істей аламыз.

А.ІДІРІСОВ,

аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT