Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылдың 9 айындағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды.
ЖЫЛ СОҢЫНДА 30 НЫСАН АЯҚТАЛАДЫ
Спикердің айтуынша, биылғы жылы Атырау облысында 13 нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 724 орындық 2 мектеп, 1000 орындық 5 балабақша, 600 орындық 2 мәдениет үйі, 1 денсаулық сақтау нысаны, 480 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 100 орындық 1 жатақхана бар.
- Жыл соңына дейін жалпы алғанда 30 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда: 1244 орындық 6 мектеп, 1960 орындық 10 балабақша, 700 орындық 3 мәдениет үйі, 4 денсаулық сақтау нысаны, 70 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, қаладан шығатын жолдарда 4 стационарлық көлік полиция бекеті және мамандандырылған ХҚКО, - деді Нұрлан Ноғаев.
Ал келесі жылы 28 әлеуметтік нысан, атап айтқанда 3264 орындық 7 мектеп, 850 орындық 3 балабақша, 1200 орындық 5 мәдениет үйі, 3 денсаулық сақтау нысаны, 123 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 450 орындық 3 жатақхана, 1 колледж, 1 лицей, оқушылар мен жастар сарайы, Құлсары қаласындағы кітапхана мен мұражай халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру жұмыстары Атырау облысында бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Жалпы 127 маңызды іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде: 5 халықаралық, 2 республикалық, 75 облыстық, 45 қалалық және аудандық ауқымдағы іс-шаралар бар.
89 ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
-"7-20-25" ипотекалық тұрғын үй несиелеудің мемлекеттік бағдарламасы халық үшін тұрғын үй сатып алуға жаңа мүмкіндіктер береді. Қазіргі таңда 1553 млн. теңгеге 131 өтінім, 1084 млн. теңгеге 89 өтінім мақұлданды. 62 өтініш беруші тұрғын үй сатып алуға 783 млн.теңге көлемінде қаражат алды, - деді Атырау облысының әкімі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Атырау облысында тұрғын үй секторын дамыту үшін 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 2164 пәтерлік 34 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар пәтерлері "7-20-25" және "Нұрлы жер"ипотекалық несиелеу бағдарламалары бойынша сатылатын 19 коммерциялық көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы қатар жүргізілуде. 2019 жылы 4368 пәтерлік 50 тұрғын үй салу жоспарлануда. Өңірде тұрғын үй құрылысымен қатар жол инфрақұрылымын құру белсенді қарқынмен жүріп жатыр. Атап айтқанда, "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде автомобиль жолдарын дамыту 432 шақырым автожол құрылысын салуды көздейді.
- Жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады. Бірінші бағыт - ұзындығы 155 шақырым Атырау-Ақтөбе трассасы. Екінші бағыт-жалпы ұзындығы 277 шақырымдық Атырау-Астрахан трассасы. 217 шақырым республикалық маңызы бар автотрассаның құрылысын қаржыландыру Азия банкімен жоспарлануда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұған қоса 260 шақырым автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде, ол 317 көшені қамтиды. Оның 60 шақырымы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар 18 елді мекенде 48 көшеде салынуда. Облыс орталығының 268 көшесін қамтитын 200 шақырым жол төсемін салу жоспарлануда, - деп нақтылады өңір басшысы.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҰЛҒАЯДЫ
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңірдің он мыңнан астам тұрғынының еңбек ақысы көтерілетін болады.
- Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі биылғы жылдың екінші тоқсанында 4,9% - ды құрады. Жалпы 26 494 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 16 246 – тұрақты және 10 248 - уақытша. Жұмыспен қамту орталығымен 16 666 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 4 956 адам жіберілді, 411 адам кәсіптік даярлықтан өтті. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында өңірде халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1720 кәсіпорында 42 мың теңге жалақы алатын 10 415 адамның жалақысы ұлғайтылады. Қазіргі уақытта өңірдің 21 кәсіпорнында қызметкерлердің жалақысын арттыру шаралары жүргізілуде. Бұл кәсіпорындарда жалпы алғанда 2 587 адам жұмыс істейді, - деп нақтылады Нұрлан Ноғаев.
Сонымен қатар "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1166 кәсіпкер 81,4 млрд.теңгеге мемлекеттік қаржылық қолдау шараларымен қамтамасыз етілді. Қаржыландыру 5778 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, бұл ретте 15 970 жұмыс орны сақталып қалды.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.