Жеңіс жолында аянбады

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН 17 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚ- СТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН «АТЫРАУ» КОМАНДАСЫ АЙРЫҚША ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ. АҚТЫҚ СЫНДА «АСТАНА» КОМАНДАСЫН 2:1 ЕСЕБІМЕН ТІЗЕ БҮКТІРГЕН АТЫРАУЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ШЫН МЫҚТЫ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ.

 Жас футзалшылардың бұл жетістігі – өңірдегі футболдың, соның ішінде футзалдың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Спортшыларды шы­найы шеберлікке жетелеген жаттықтырушылар еңбегі де елеулі. Бұл жолда олар тек жеңіске емес, ұлт спортының болашағына қызмет етіп келеді.

«Атырау» сапында ойнаған Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Олжас Мейрамұлы мен Жоламан Рахметолланың да үлесі зор. Олар тек өз ауданының ғана емес, облыстың да абыройын асқақтатты. Ел чемпионы атанған футзалшылар Қазақстан Республикасының «Спорт шеберлігіне үміткер» атағына лайық деп танылды. Бұл мәртебелі атақ – олардың болашақ спорттық жолына берілген үлкен серпін.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT