Жедел штаб отырысы өтті

Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев түнгі 23:40-та су тасқынына қарсы жедел штаб отырысын өткізді.

Аудан орталығы мен ауылдық округтер бойынша бүгінгі жасалған жұмыстарды қорытындылап, техникалардың даярлығы және ерікті азаматтарды бөгет қоюға тарту шаралары, ертеңгі жасалатын жұмыстардың жоспарымен бөлісіп, нақты тапсырмалар берді.

Штабқа келесідей тапсырма берілді:
– Техника санын көбейту;
– Әр учаскеде кезекшілік ұйымдастыру;
– Бөгет салу, қапшыққа құм толтыру жұмыстарын күшейту;
– Су тасқынына қарсы жұмыстарға  жұмылдырылғандарды жанар–
– жағармаймен, қажетті құрал-жабдықпен және тамақпен қамту.

Аудан басшысы Қайрат Есқабылұлы табиғаттың тосын мінезіне тойтарыс беруде бірлесе қызмет етуге шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521