Махамбет ауданында 94 техника жұмыс жасауда

Аудан үшін қауіп төндіріп тұрған тасқын судан қорғану жұмыстары жалғасуда.

Қорғаныс бөгеттерін жөндеуді қажет ететін 64 км дамбылардың күні бүгінде 34,2 км жөнделіп, қалған бөлігін жөндеу күнделікті іске асырылуда. Аудан бойынша жаңадан салынып жатырған қорғаныс бөгеттері 8,6 км. Оның ішінде, Махамбет – 1,5 км, Сарытоғай – 1 км, Бейбарыс – 500 м, Сарайшық – 3 км, Талдыкөл – 2,1 км,  Алға – 500 м.

Барлық елді мекендерде жұмылдырылған 1300 ерікті тұрғын көмегімен 56 000 қапшық қапталып, дайындыққа келтірілді.

Аудан резервінен 29 млн.теңге қаржы бөлініп, оған 50 тонна дизель отыны, 91 700 мың дана қап сатып алынып, пайдалануға берілді. Аудан бойынша 94 техника жұмыс жасап тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521