Махамбеттіктер жұдырықтай жұмылуда

Махамбет ауданы бойынша тасқын судан келетін қауіптің алдын алу жұмыстары аясында, ауданға қарасты 9 ауылдық округте дайындық жалғасуда. Жергілікті атқарушы орган өкілдері арнайы техникалармен осал тұстарға қосымша топырақ төгу жұмыстарын жасап жатыр. Қауіпті деп белгіленген аймақтарға қапшық апарылып, оларды топырақпен толтыруда. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Борашевтың айтуынша, аудан бойынша 94 техника,124 адам жұмылуда. Оның ішінде төтенше жағдай департаментінен – 10 жеке құрам, аудандық полиция бөлімінен – 7 техника (нива), 8 жеке құрам, 658 ерікті бар.

Аудан аумағындағы елді мекендердің судан қорғану бөгеттерінің барлық ұзындығы 80 км.

Елді мекендерде жұмылдырылған 405 еріктінің көмегімен 29 700 қапшық қапталып, дайындыққа келтірілді.  

Аудан резервінен 29 млн.теңге қаржы бөлініп, оған 50 тонна дизель отыны, 30 мың дана қап сатып алынды.

Қосымша тағы 62 мың дана қап сатып алуға келісім-шарт жасақталып, бүгін кешке дейін ауданға жеткізілу жұмысы жүруде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521