Жеңіске — тағзым, ұрпаққа— мұрат!

Жеңістің 73 жылдығына орай аудан әкімі С.Рысқалиев соғыс ардагерлері С.Исағалиев, Р.Сиджанов және Ф.Жұмашевтардың шаңырақтарында болып, оларды жеңіс мерекесімен құттықтап, Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етті.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың мерекелік құттықтауын дауыстап оқып берді. Аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен О.Шонаев атындағы орта мектеп оқушылары, аудандық орталық кітапхана, аудандық мұражай және мұрағат, «Шолпан» бөбекжайы қызметкерлері бірлесіп «Майданға» әніне қойылым көрсетті. Аудан орталығында салтанатты шеру өткізіліп, «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Аудан әкімі бастаған салтанатты шараға ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағасы, мәслихат депутаттары, ауылдың ардагерлері және барлық мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Одан әрі тұрғындар назарына «Ерлікпен жеткен – Жеңіске тағзым!» атты мерекелік концерт ұсынылды. Аудан әкімі С.Рысқалиев аудан халқын мерекемен құттықтады. Назерке Хамзинаның орындауындағы «В землянке» әніне Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия қызметкерлерінің қойған қойылымы. Мерекелік концерт өнерпаздардың орындауындағы «Өткенді еске алайық...» әдеби-сазды қойылымымен басталды. Әли Төлеуовтің орындауындағы «Журавли» әні «Алтын балық» бөбекжайы ұжыммен бірге. Жаңабай Жайлашев «Смуглянка» әнімен және «Алтын-Ай» бөбекжайы ұжымы. Білім Аруева «Синий платочек» әнімен және «Қызғалдақ» бөбекжайы ұжымы. Е.Ағелеуов атындағы орта мектеп ұжым «Катюша» биімен. Еламан Ғафуровтың орындауындағы «Ана туралы баллада», Альбина Мидардың «Әлия» әні, Әли Төлеуов шырқаған «День Победы» әні көрерменді тәнті етті.

Бетті дайындаған: Б.Сүлейменқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521