Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, қаңғыбастықпен қайыршылықтың алдын алу, сонымен қатар өзен, көлдердегі кәмелетке толмағандарға төнетін қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында ағымдағы жылғы 27-29 шілде аралығындағы "Жаз" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағыкәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау бағытында жұмыстар ұйымдастырылды.
Махамбет ауданы Жайық өзені жағалауында орналасқандықтан, "жабайы жағажайлар" деп аталатын жерлерде, пирстарда, шомылуға жабдықталмаған орындарында, көпірлердің астында, жағажайларда жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.