Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Д.Төленов атындағы орта мектебінде кездесу ұйымдастырылды. Оған Ауған соғысы ардагерлері Есім Мұрат, Нұрлан Юсупов, Қонысжан Орынғалиев, Бауыржан Сағындықов қатысты.
Кешті Д.Төленов атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Бержан Рахымқызы ашып, жүргізді. Алдымен Ауған жерінде қаза тапқан Мұхтар Рахметов, Алаш Тұржанов, Имат Мұсағалиевті бір минут үнсіздікпен еске алды. Ардагерлер Ауған жеріндегі оқиғаларды еске салып, оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі С.Темірғалиев бастап жоғары сынып оқушылары автоматты шашып-жинау үлгісін көрсетті.
Кездесу кешін тарих пәнінің мұғалімі Орынгүл Гарифуллина қорытындылап, тағылымды әңгімелер шерткен ардагерлерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
А.ТЕКЕБАЙ