Бүгін тарихтағы айтулы күндердің бірі. Осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни, 1989 жыл 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды. Он жылға ұласқан сұрапыл соғысқа ауданымыздан 43 адам қатысып, оның 3-уі сол жақта ерлікпен қаза тапса, 12-сі елген келгеннен кейін әртүрлі себептермен қайтыс болған. Қазір ауданымызда 19 ауған соғысының ардагері тұрады. Жат жерде интернационалдық борышын өтеп, отансүйгіштік пен патриотизмнің ерен үлгісін көрсеткен жауынгерлер ерлігі қандай құрметке де лайықты!
Ардагерлерге – әрқашан да құрмет!
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 502