«Жастар-жемқорлыққа қарсы» атты көрініс байқауы өтті

Аудандық балалар кітапханасында Махамбет аудандық адалдық алаңы кеңсесі Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Жастар жемқорлыққа қарсы» көрініс байқауын өткізді.

Онлайн форматынада өткен байқауға «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі менеджері Құндызбай Даурен, «Атырау адалдық алаңы» Мақат аудандық жобалық кеңсе өкілі Күлпан Алиева, Махамбет аудандық адалдық алаңы кеңсе өкілі Айбек Сираш, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Сұлтанғалиева қазылық етіп, әділ бағасын берді.

a

Көрініс байқауды кітапханашы Ару Аманғалиева жүргізді. Байқауға 14-24 жас аралығындағы жастардан төрт команда қатысып, өзара бақ сынасты. Көрініс байқау үш кезеңнен, атап айтқанда таныстырудан, жемқорлыққа байланысты көрініс көрсетуден, «Білімді жастар» сұрақ-жауаптан тұрды. Барлығы «ZOOM» жүргізіліп, таныстырылым да, бейнекөрініс те, сауалнама да онлайн форматта өтті.

uld23-1

Байқауды О.Шонаев орта мектебінің «Асыл қасиет-адалдық, асыл міндет-адамдық» командасы бастады. Одан әрі байқауды Қ.Қалыбеков мектебінің «Болашақ», «Өнерпаз» мәдениет үйінің «Заңғар», Д.Төленов мектеп-гимназиясының «Gimstar» командалары жалғастырды. Әр команда өзін таныстырып, жемқорлық көріністерінен көріністер қойып, сауалдарға жауап берді. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған байқау да мәресіне жетті.

u

Көрініс байқауды аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшісі, Махамбет аудандық адалдық алаңы кеңсесі өкілі Айбек Сираш қорытындылап, онлайн форматында өтсе де атсалысқан командаларға алғыс айтып, диплом, алғыс хаттармен марапаттады.

Жүлделі І орынды О.Шонаев мектебінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды Д.Төленов мектеп-гимназиясының «Геймстар» командасына бұйырды. Ал ІІІ орынға «Өнерпаз» мәдениет үйінің «Заңғар» командасы ие болды. Алғыс хатпен «Болашақ» командасы(Қ.Қалыбеков о/м) марапатталды. Барлық жеңімпаздар диплом, алғыс хат, сыйлықтарды иеленді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521