Мас күйінде көлік басқарғаны үшін жазаланды

Махамбеттік тұрғын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды.

Ауыл тұрғынына қатысты іс Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Іс материалына сәйкес, Атырау-Орал тасжолында азамат Г. тіркеу нөмірінсіз және көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра мотоцикл көлігін мас күйінде жүргізген, ол жол жүру ережесінің 2.4.2-тармағының талаптарын бұзған, соған сәйкес жүргізушіге көлік құралын мас күйінде (алкоголь, есірткі немесе басқа) жүргізуге тыйым салынған, яғни ол ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы Г. өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада баяндалған мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен азамат Г. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз