Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер дәуірі

Еліміздің болашағы — білімді, жауапты және белсенді жастардың қолында. Мемлекеттік саясатта жастарды қолдау мен олардың әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған бастамалар айрықша мәнге ие.

Президентіміздің «Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр» деген сөзі — тек ұран емес, нақты іске негізделген стратегиялық ұстаным. Жолдау аясында жастарға сапалы білім беру, жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік жасау, инновациялық жобалар мен стартаптарды қолдау бағытындағы шаралар жүзеге асуда.

Ауданымызда да жастардың білім алуына, шығармашылық дамуына, спорт пен мәдениет саласында белсенді болуына жағдай жасалып келеді. Бұл — еліміздің әр өңіріндегі жас буынның әлеуетін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясаттың көрінісі.

Жастарды дамытуға арналған бұл бастамалар — елдің ертеңіне салынған сенімді инвестиция. Ауданымыз жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қосып, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жұмысты жалғастыра береді деп сенемін.

 

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT