Ауыл медицинасының дамуы – халық денсаулығына сенімді қамқорлық

Ауылдағы медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты әрі жүйелі қадамдар қабылданып келеді.

«Ауылды денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соңғы кезеңде 540 нысан салынғаны – ауыл медицинасын жаңа деңгейге көтерудің маңызды нәтижесі. Бұл – ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің жақын болуы, алғашқы бақылау мен алдын алу шараларының күшеюі, тұрғындардың уақытылы медициналық қызмет алуы деген сөз.

Жыл соңына дейін тағы 115 жаңа нысанның пайдалануға берілуі – ауылдағы медициналық инфрақұрылымды толыққанды жаңартуға жасалған нақты қадам. Ауданымыздағы медицина қызметкерлері үшін бұл – жағдайдың жақсаруы, заманауи жабдықтарға қол жеткізу, ал ауыл тұрғындары үшін – сенімді әрі қолжетімді медициналық көмек.

Аталған бастамалар ауыл адамдарының өмір сапасын арттырып, денсаулық сақтау саласын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады деп сенемін.

Ж.ЖОЛАМАНОВА,

Зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT