Есірткі мәселесі – қазіргі қоғамның ең күрделі әлеуметтік дерті. Ол тек жеке адамның тағдырын емес, отбасын, тұтас ұрпақтың болашағын күйретеді. Сондықтан бұл проблеманы айналып өтуге болмайды – әрбір азамат пен мемлекеттік құрылымдар бірлесіп әрекет етуі тиіс.
Ауданымызда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Мектептер мен колледждерде түсіндіру шаралары өткізіліп, құқық қорғау органдарымен бірлескен профилактикалық кездесулер ұйымдастырылуда. Басты мақсат – жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы тек теориялық емес, нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндіру.
Сонымен қатар, отбасылық тәрбие мен ата-аналардың бақылауының да рөлі зор. Баланың бос уақытын пайдалы істермен толтыру, спортпен, өнермен айналысуға жағдай жасау – есірткіге итермелейтін бос кеңістікті азайтады.
Есірткіге қарсы күрес – тек полицияның немесе медициналық мекемелердің жұмысы емес. Бұл барлығымыздың ортақ міндетіміз.
Г.СӘДУАҚАС


