Жастар оптимизмі – қоғамның жасампаздық рухы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі жастар – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын, ойы сергек, талабы биік буын. Олардың «прайм-дәуір» туралы пікірі – тек эмоцияға берілген жеңіл оптимизм емес, болашаққа деген сенімнің, өзгеріске деген үміттің көрінісі деп қабылдауымыз керек.

Әрине, кез келген кезеңге баға бергенде тек жақсы жағын ғана көріп, қиындықтарды елемеу дұрыс емес. Жастардың қуанышы кейде асығыс, тіпті аңғал көрінуі мүмкін. Бірақ бұл – олардың Отанға деген жанашыр көңілінен туындаған шынайы сезім. Сол себепті аға буын жастардың ойына түсіністікпен қарап, олардың пікірін жоққа шығармай, керісінше бағыт-бағдар беріп отырғаны жөн.

Бүгінгі жас ұрпақ виртуалды әлеммен шектелмей, нақты өмірде өз орнын табуы тиіс. Еңбекке адал, тәртіпке берік, жауапкершілікті азамат болып қалыптасу – кез келген «керемет кезеңнің» басты шарты. Егер жастар арман мен әрекетті ұштастыра білсе, еліміздің болашағы жарқын боларына сенім мол.

Бұл тұрғыда мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – жастардың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, олардың білім алуына, еңбек етуіне және ел дамуына үлес қосуына жағдай жасау. Сонда ғана біз айтылып жүрген «прайм-дәуірді» сөз жүзінде емес, шынайы өмірде сезіне аламыз.

Айзада БАЙҒАЛИЕВА,

Махамбет аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT