Қазіргі таңда адамзат алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – зорлық-зомбылық. Ол күнделікті өмірде байқалмай басталып, үлкен қайғы-қасіретке әкелуі мүмкін. Зорлық-зомбылық адам арасындағы сенімді жойып, қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.
Зорлық-зомбылықтың бірнеше түрі бар: физикалық, психологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Оның салдарынан адамдардың денсаулығы ғана емес, психологиялық жағдайы да нашарлайды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер зорлық-зомбылықты көрсе, олардың болашақ өміріне үлкен әсер етеді. Көп жағдайда зорлық-зомбылықтың себебі – тәрбиенің жеткіліксіздігі, түсінбеушілік, ашу-ызаға берілу және мәселелерді күшпен шешуге тырысу. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін адамдар бір-біріне құрметпен қарап, мәселелерді сабырмен, сөз арқылы шешуді үйренуі керек.
Зорлық-зомбылық ешқашан мәселені шешпейді, керісінше жаңа қиындықтар туғызады. Әр адам өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, мейірімділік пен түсіністікті басты құндылық етуі қажет. Зорлық-зомбылықсыз қоғам – қауіпсіз әрі бақытты болашақтың кепілі.
Г.Сәдуақас


