Жасөспірімдік шақтағы өзгерістер

Жасөспірімдік кезеңде ұлдар мен қыздар ересектердің бойы мен салмағына жетіп, жыныстық жетілу кезеңінен өтеді. Бұл өзгерістердің пайда болу уақыты мен жылдамдығы әр түрлі  генге және қоршаған ортаға байланысты.

Ұлдардағы өсу қарқыны кейде шамамен 12-16 жаста болады. Әдетте, ең жоғары өсу жылына – бойы  10 см дейін өседі. Қыздарда өсудің серпіні 9,5 -13,5 жас аралығында болады.

Егер жыныстық жетілу кешіксе, бойдың өсуі айтарлықтай баяулауы мүмкін. Кешігуі патологиялық болмаса, алаңдаудың қажеті жоқ. Көп жағдайда генетиканың әсері бар екенін ұмытпаған жөн.

Ерте жыныстық жетілу қыздарда 8 жасқа дейін немесе ұлдарда 9 жасқа дейін жыныстық жетілу ретінде анықталғанымен, кейбір балалар үшін 8 немесе 9 жасқа дейінгі жыныстық даму қалыпты жағдай болып табылады.

Жыныстық жетілу кезінде барлық мүше жүйелерінің және тұтастай алғанда дененің негізгі өсуі орын алады. Қыздардың кеуделері, жыныс мүшелері және жыныс мүшесінде түктердің өсуі айқын байқалады. Бұл процесс қалыпты түрде жүріп жатса да, айтарлықтай психологиялық бейімделуді қажет етеді.

Егер даму уақыты бұзылса, әсіресе дене дамуы кешігіп қалған ұлдарда немесе мерзімінен бұрын жетілген қыздарда қосымша эмоционалды стресс болуы мүмкін. Баяу өсіп келе жатқан балалардың көпшілігі өз құрдастарын қуып жету ықтималдығы жоғары. Мұндай кешігудің патологиялық себептерін болдырмау немесе оларды анықтау үшін дәрігер тексерінен өткені абзал.

Спорт, өнер, қоғамдық белсенділік және қоғамдық жұмыстар сияқты іс-әрекеттердің рөліне ерекше назар аудара отырып, жасөспірімдерге тамақтану, жаттығу және өмір салты бойынша кеңес беру керек. Дәрігерлер ақуызға. дәруменге толы тағамдар жеп, саламатты өмір салтын ұстануды ұсынады.

Жыныстық жетілу әдетте ер балаларда да, қыз балаларда да белгілі бір ретпен жүреді. Жыныстық жетілуінің басталу жасы мен жыныстық даму қарқыны әртүрлі және генетикалық және қоршаған орта факторларына байланысты болады.

Адамдардың жаратылысы әртүрлі екенін ескерсек, тұқым мен басқа да себептерге байланысты даму уақыты өзгеруі де мүмкін. Сондықтан қатты алаңдап, дүрбелең салудың қажеті жоқ. Бастысы, дәрігер бақылауынан өтіп отырсаңыз жеткілікті.

Физикалық өзгерістерге себепші болатын гормондардың белсенді әрекеті эмоциялық күйге айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ басқалар өздерін жіті бақылап, сынайтындай көрінгендіктен, көп жасөспірімдер өздерін ыңғайсыз сезініп, қатты мазаланады. Ал сырт келбеттің айтарлықтай өзгеруі жағдайды қиындата түседі.

Жыныстық жетілу кезеңінде жасөспірім нені білуі керек:

- Физикалық және эмоциялық жағынан өсіп-жетілуің үшін бұл кезең сен үшін өте маңызды

- Өзіңді басқалармен салыстырма, сондай-ақ сырт келбетіңе тым көп назар аудара берме.

- Тынығу мен дене шынықтыруға уақыт бөл. Жеткілікті ұйықтағаның ашуға, стресс пен күйзеліске берілмеуге көмектеседі.

- Өзің жайлы жағымсыз ойға берілме. Айналаңдағы адамдар сені шынымен де соншалықты сынай ма? Тіпті басқалар сенің өсіп-жетілуіңе қатысты өз байқағандарын айтса да, жағдайға біржақты қарамауға тырыс.

Жыныстық жетілу кезеңінің өз қиындықтары бар. Десе де бұл уақыт саған өсіп-жетілуіңе керемет мүмкіндік береді. Сенің тәнің ғана емес, ой-санаң, эмоциялық және рухани күйің де жетіліп, толыса түседі.

Д.Лұқпанова,

аудандық аурухана психологы,

салауатты өмір салтына жауапты маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT