Егер үйде бала болса, терезені ашық күйде қалдырмаңыздар!
Пластик терезелер өте оңай ашылады, ал терезеге орнатылған москит торы маса мен шыбын-шіркейден қорғауға арналғандықтан, баланың салмағын көтере алмайды. Оған сүйенген бала тормен бірге сыртқа құлап кетіп, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.
Москит торы – ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛЫ ЕМЕС!
Көптеген ата-аналар балаларына терезенің алдына шығып ойнауға рұқсат береді, олай істеуге болмайды! Себебі бала терезенің алдына шығып ойнауды әдетке айналдырып алады. Сіз әрдайым балаңыздың жанында жүрмін деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ бір секундқа назарыңыз басқа жаққа ауған сәтте балаңыз байқаусызда құлап кетіп, орны толмас оқиғаның орын алуына әкеп соғуы мүмкін.
Баланы ешқашан ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар!
Терезеге арнайы құлып орнатыңыздар, сонда бала өз бетінше терезені аша алмайтын болады.
Құрметті ата – аналар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 – бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделетінін ұмытпаңыздар!
Ақбөбек Елешова,
Махамбет аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің
кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік полиция инспекторы
полиция майоры