Жасөспірімдер – жіті назарда

Фото: zh-shugylasy.kz

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысында кәмелетке толмағандардың заңсыз еңбекпен шұғылдануы, суицид фактілерінің алдын алу, жазғы демалыста уақыттарын тиімді пайдалануы, жетім балалардың құқықтарын қорғау және ішкі істер органдарында есепте тұрған балалармен жүргізілген жұмыстар қаралды. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев төрағалық етті.

ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕККЕ ЖОЛ ЖОҚ

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инс- пекторы Ж. Ділмағамбетованың ай­туынша, жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын талдау, оларға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу бағытында аудандық по­лиция бөлімі жоспарлы жұмыстар ұйымдастырады. Жаз мезгілі баста­лысымен Махамбет ауданы көлемінде жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын талдау, оларға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында ювеналды полиция, учаскелік поли­ция инс- пекторлары және жергілікті атқарушы органдармен, яғни білім беру және халықты әлеуметтік қорғау ор­гандары өкілдерін тарта отырып сауда, оның ішінде, рұқсат етілмеген сауда орындарында, көлік жуу орталықтары мен егін шаруашылықтарында рейдтік іс-шара ұйымдастырылады. Аталған іс шараларды сапалы өткізу үшін аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен білім беру бөлімінің әдіскерлері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатыстырылады. Іс-шаралар кезінде аудан көлеміндегі барлық азық-түлік дүкендер, орталық базар, жәрмеңке, ша­руа қожалықтары, ауылдық округтердегі егін шаруашылықтары тексеріледі. «Жасыл ел» мерзімдік ақылы жасаққа қабылданған жасөспірімдердің ішінде де еңбек нормаларын сақтай отырып, ата-аналарының рұқсат қолхаттары негізінде жұмыстар ұйымдастырылады.

- Сонымен қатар, ІІМ-нің нұсқауына сай бала еңбегін қанауға қарсы акция- лар да жыл сайын өткізіледі. Акция барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, жүйелі түрде өткізілетін болады. Онда ҚР Еңбек Кодексінің 69- бабы «Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы» басшылыққа алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Оларға: 1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:

1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайларында өз құзыреті шеңберінде құқықтық сипаттағы шаралар қабылданады:

- кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін ата-аналарды ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту;

- өз балаларының құқықтарын бұзатын ата-аналарға қатысты мате­риалдарды кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларға жолдау;

- құзырлы органдар (прокуратура және халықты әлеуметтік қорғау орган­дары) алдында кәмелетке толмағандарды еңбек қызметіне заңсыз тарту фактілері бойынша ден қою шараларын қабылдау туралы өтініш беру.

Аталған іс-шараларды атқару кезінде адам саудасының, балаларға қатысты жыныстық тиіспеушілік, еңбек қанауына тартудың алдын алу, күндізгі, түнгі бағытта рейдтік іс- шараларын жүргізе отырып, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындары мен тұрғын-жайдан тыс жерде жүруі жағдайын қадағалау үшін полиция бөлімі өз қызметін жалғастырады, -деді Ж.Ділмағамбетова.

СУИЦИД ФАКТІСІ ТІРКЕЛМЕГЕН

Полиция инспекторының мәлімдеуінше, аудан бойынша аяқталған суицид фактісі және оған оқталу деректері орын алмаған.

-Суицидке оқталу фактісі орын алған жағдайда ҚР ҚК-нің 105 бабымен қылмыстық іс жүргізіледі. Сонымен қатар, жасөспірімнің және оның ата- анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, аудан әкімі жанандағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қарауға ұсынылады. Сонымен қатар, психо­логпен жұмыс жасауға жолданады. Ау­дан бойынша білім беру ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция инспек­торлары мен мектеп психологы, сынып жетекшілерімен бірлесіп, оқушылардың мінез-құлқындағы өзгерістер мен олардың отбасындағы қарым- қатынастар туралы ақпарат алмасады. Өзгерістер байқалған оқушылардың отбасы жағдайын, ондағы өзара қарым- қатынасын учаскелік полиция инспек­торлары сырттай бақылауға алады. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу, сала аралық бай­ланысты күшейту мақсатында мек­теп инспекторлары есепте тұрған қолайсыз отбасыларды, оның ішінде, 14-18 жас аралығындағы балалары бар жанұялармен түсіндірме жұмыстар ынжүргізеді. Олардың бос уақыттарын қалай өткізетіндігі, айналысатын ор­тасы, білім деңгейі және ата-анасы­мен қарым-қатынасы туралы ақпарат алып, кері байланыс орнату үшін жұмыстанады,-деген ол суицидтің ал­дын алу мақсатында анонимді сауал­намалар жүргізу және оны сапалы түрде талдау, «Жайсыз отбасында» тәрбиеленетін және полицияның есебінде, мектепшілік тізімдік есептегі оқушылармен әңгімелесу, бейімдеу жұмыстарын жүргізу, оқу жылы басталғаннан кейін аталған тақырыпта полиция қызметкерлерін қатыстыра отырып, психолог мамандармен тәрбие сағаттарын өткізетінін айтты.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ТИІМДІ ӨТУІ ТИІС

Оқушылардың жазғы кани­кул кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Қабышева баяндады.

-Оқушылардың жазғы каникул кезіндегі демалыс, сауықтыру және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 16 білім беру ұйымында (15мектеп, 1 өнер мектебі), сонымен қатар, Сарытоғай ауылында орналасқан «Арай» дема­лыс лагерінде ауданның 1-10 сынып оқушылары арасында 5491 баланы жазғы лагерьлермен қамту жоспарланған. «Арай» демалыс лагеріне 480 бала 4 кезеңмен қабылданады.

1090 бала 6 мектепте тамақтандырылатын күндізгі лагерьге, 60 бала Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебіндегі шипажай үлгісіндегі ла­герьге, қалған 3861 оқушы мектеп жанындағы бейіндік лагерьлерге жіберіледі. Лагерьлер бейіндік, дебаттық, тілдік, ақпараттық техноло­гия, шатырлық, көгалдандыру, мәдени- тарихи орындарға танымдық саяхат, «Киіз үй», «Жас Ұлан» көшбасшылар мектебі, құрылыс-жөндеу бригада­лары, агрожасақ құру арқылы бау- бақша алаңдарының қызметі бағытында ұйымдастырылады. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 83 млн 543 мың 766 теңге қаражат қаралған,-деді В.Қабышева.

Аудандық полиция бөлімі тарапы­нан әр түрлі іс-шаралар кезінде бала­ларды тасымалдайтын автобустарды рейс алдындағы автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті нұсқамалар жіберіліп, қалпына келтірілуі бақылауға қойылады. Кәмелетке толмағандардың жаздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, биіктіктен құлау, Махамбет ауданы Жайық жағалауында орналасуына байланысты және аудандағы қазіргі ахуалға байланысты балалардың судағы қауіпсіздігі туралы алдын алу туралы жадынамалар ата-аналар чаттарында таратылып, әлеуметтік желідегі бөлім парақшаларында мақалалар кеңінен жариялануда. Балаларды автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талапта­рына сәйкес балаларды сауықтыру ұйымдарына тасымалдау кезінде ме­кемелерден берілген сұраныс хат­тары негізінде балаларды патрульдік полицияның арнайы автомобильдерімен тасымалдау ұйымдастырылады.

Учаскелік полиция инспекторы Жанар Ділмағамбетованың айтуынша, Білім беру бөлімімен бірлесіп аудан бойынша «Арай» демалыс лагеріндегі балалардың қауіпсіздігін сақтау ережелері тексерілген.

ЕСЕПТЕ СЕГІЗ БАЛА ТҰР

Ішкі істер органдарында есепте тұрған балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша Ж.Ділмағамбетованың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта поли­ция бөлімінің есебінде 8 кәмелетке толмаған бақылауда тұр. Оның ішінде оқушылар саны – екеу. Есепте тұрған кәмелетке толмағандардың бақылау істері жасақталып, ай сайын жос- парлы түрде, қосымша іс-шаралар кезінде мекен-жайларынан тексеріп, ата-аналарымен профилактикалық жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, білім беру бөліміне олардың жазғы мезгілде сауықтыру және бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында лагерьлермен қамтуға ұсыныс хаттар жолданған. Оқу процесс кезінде оларды тәрбиелік шараларға қатыстыру, белсенділіктерін арт­тыру, қайта бейімдеуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Психолог ма­манмен бірлесіп, әңгімелесулер ұйымдастырылады.

Есептегі кәмелетке толмағандардың тарапынан орын алған құқық- бұзушылықтары бойынша заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар жасақталып, заңды шаралары алынған. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бой­ынша айыппұл салынып, өндірілген.

Есепке қойылған жасөспірімдер по­лиция есебіне 12 ай мерзімге қойылып, мерзімі аяқталған уақытта есептен шығарылады. Алайда, мінез – құлқында түзелу байқалмаған жағдайда баянат арқылы мерзімі ұзартылады.

ЖЕТІМДЕР – ЖЕКЕ БАҚЫЛАУДА

Аудандық білім бөлімінің бас­шысы В.Қабышеваның айтуынша жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына тәрбиелеуге (асы­рап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде — жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.

Күні бүгінге аудандық білім бөлімі бой­ынша есепке алынған кәмелеттік жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы 22 бала: оның ішінде 20-жетім бала, 1-ата- анасының қамқорлығынсыз қалған бала, сонымен қатар, патронаттық тәрбиедегі 1 бала бар, республикалық деректер банкінің есебіне алынған.

Заңды өкілдері, яғни қорғаншы және қамқоршы, патронаттық тәрбиешілері тағайындалған, отба­сында тәрбиеленуде. Жетім балаларға он еселенген есептік көрсеткіш бой­ынша төленетін жәрдемақы күні бүгінге 36 920 теңгені құрайды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 бала, патронаттық тәрбиедегі 1 бала тұрғын үй кезегіне есепке қойылған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі арқылы Президенттік шараға қатысушы балалардың санаттары бойынша (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білімді қажет ететін, көп балалы, дарынды балалары және т.б) тізім қалыптастырылып, жылма-жыл аталған шараға қатыстырылып келеді.

Баяндамашылардың берген мәліметіне орай комиссия мүшелері та­рапынан сауалдар қойылып, мәселелер талқыға салынды. Комиссия оты­рысын қорытындылаған комиссия төрағасы А.Әділғалиев кәсіпкерлік ны­сандарда еңбек етіп жүрген кәмелетке толмағандарды бақылауға алып, кәсіпкерлерге заңсыз арзан еңбек күшін пайдаланбай, оның орнына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа алу қажеттігін түсіндіруді, лагерьлердің жұмысын жеке бақылауға алуды, кәмелетке толмағандардың көлік жүргізу оқиғаларын қадағалауды, ко­миссия жұмысына ауылдық округ әкімдерін араластыруды, жазғы уақытта студенттерді түрлі мәдени шараларға тартуды тапсырды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT