Ауа райының жылынуымен тұрғындар табиғат аясына серуендеуге жиі барады. Далалық жерлерге барғанда кәуап сынды әртүрлі тағамдарды дайындау барысында от жағады. Өрт ошағының пайда болуына көп жағдайда адамдардың өздері кінәлі болып табылады. Сол себепті далалық жерлер мен орман алқаптарында күтпеген өрттер пайда болу салдары артуда.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындай отырып, табиғатты сақтауға және ауқымды апаттың алдын алуға болады. Орман мен даладағы өрт қауіпсіздігі біздің отқа деген дұрыс көзқарасымызға ғана байланысты. Қарапайым ғана ережелерді сақтай отырып, сіз орман мен дала өрттерінің санын едәуір азайта аласыз.
Ормандар мен далалардағы өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері:
- Отты тек ерекше қажеттілік жа ғ д айынд а және арнайы дайындалған жерлерде жағу;
- Қолданыстағы нақты ережелерді сақтау;
- Отты мұқият өшіру;
- Сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді ойланбастан лақтырудан аулақ болыңыз;
- Егер өрттің кішкене белгілері байқалса, оларды жою үшін барлық шараларды дереу қолданыңыз;
- Егер сіз өзіңіз өртті өшіре алмасаңыз дереу «101», «112» телефоны бойынша өртке қарсы қызметті шақырыңыз.
Төтенше жағдайлар бөлімі