Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 22-28 қаңтар аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 28.01.2026 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында Махамбет АПБ -ң ҚҚб-ң ЮПТ КТІЖ УПИ -ры полиция майоры Е.М.Чунышкалиев жиын өткізді.
Жиын барысында, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, түнгі уақытта заңды өкілдерімен бірге болмау, алкоголь және темекі өнімдерін пайдаланбау, қауіпті заттарды алып жүрмеу, автокөлік пен мопедті басқармау, қорқытып алушылық пен ұрлыққа жол бермеу, сондай-ақ қыс мезгілінде мұз қату кезеңіндегі жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, табиғи газ және электр жабдықтарын дұрыс пайдалану ережелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT