Жолдаудағы «Аңсаған сәби» жобасы көптеген сәби сүйе алмай жүрген отбасыларға үміт отын жақты. Жоба бағытында әр шаңыраққа шаттық сыйлар бала сүю бақытына қол жеткізуді қолдау, балаларды қорғау, оларды кез келген зорлық-зомбылықтан, қауіпсіздіктен қорғау- өзекті мәселе болып табылады.
Жолдаудағы отбасы бағытындағы «Тұрғын үй-құрылыс-жинақ банкі» арқылы баспанаға қол жеткізуді субсидиялау, денсаулық, жер-су, экологиялық тазалық сияқты әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған жұмыс жоспарлары көңілден шықты.
Сонымен қатар «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының жалғасатыны, аймақтар дамуына еркіндік беру, халық ұсыныс-пікірін қабылдау, ұрпақ тәрбиесінде білім сапасы, ғылымға бет бұру да жаңа бағыттардың бірі деп ойлаймын. Президент атап өткендей, терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу, тағы басқа азаматтық ұстанымға тән адами қырлар ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстаным.
Сара Қабазова, Махамбет ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы
«Аңсаған сәби» шаттық сыйлады
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 49


