Республика көлемінде өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ақбөбек Бердешқызы, аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы міндетін атқарушы Нұрбек Серікұлы отбасында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс атқармайтын ата-аналар, заңды өкілдердің, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, ауданның ойын-сауық мекемелерін, спорттық ойын алаңдарын аралап, жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған бір тұлғаны тексеріп, ойын-сауық орындарын, «Танаис» мейрамханасын, «072» шағын маркетін, балалар ойын алаңдарын, жасанды төсеніші бар спорт алаңдарын аралады. Инспекторлар «Ойын-сауық мекемелеріне келетін жасөспірімдер бар ма? Оларға да ішімдік сатыла ма?» деген сауалдарын қойып, қазіргі уақытта «Жасөспірім» іс-шарасы өтіп жатқаны туралы хабардар етті.
Рейд барысында полиция майоры А.Елешова балалар мен жасөспірімдермен әңгімелесу жүргізіп, түнгі уақытта көшеде жүрмеу, ойын-сауық орындарында болмау жайын қозғап, қазіргі уақытта балалар қауіпсіздігіне байланысты «Жасөспірім» іс-шарасы жүріп жатқанын еске салды.
А.Қуанышқалиева