Ауданда 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында кәмелетке толмағандар- мен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылық- ты анықтау және алдын алу, сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында республикалық «Жасөспірім» жедел-профи- лактикалық іс-шарасы өтуде.
Соған орай, барлық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізуге, жеке басын және ата- аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз белгілі орындарда болу себептерін анықтау мақсатында жұмылдырылды.
Білім беру ұйымдарына бекітілген криминалдық полиция жедел уәкілі, учаскелік полиция, ювеналдық полиция инспекторлары аудандағы барлығы 15 мектеп 1 колледжде оқушылармен дәрістер өткізіп, терроризм, интернет алаяқтық және кәмелетке толмағандардың атыс қаруын және суық қаруды сақтау, сондай-ақ қарудың және есірткінің заңсыз айналымымен, кәмелетке толмағандарға қатысты жалпы құқық бұзушылықтар туралы жиындар өткізуде. Сонымен қатар мектеп психологтарымен 8-11-сынып оқушылары арасында буллинг, қорқытып алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау үшін анонимді сауалнамалар да ұйымдастырылуда.
Республика көлемінде өтіп жатқан іс-шараға барлығы – 28 қызметкер қатысты. Оның ішінде полиция бөлімнің қызметкерлері - 24, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардан 4 қызметкер жұмылдырылды.
Аталған іс-шара кезінде күні бүгінге барлығы 37 әкімшілік хаттама жасақталды. ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен 36 ата-анаға ескерту берілсе, бір жыл ішінде қайталама жасаған әрекеті үшін 1 заңды тұлғаға айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1 бөлігімен 1 хаттама жасақталып, айыппұл салынды.
Бөлімнің біріктірілген деректер базасына №144 санат, яғни «кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, оқытуына, ұстап тұруға және олардың тәртібіне кері әсерін тигізетін, өз міндеттерін орындамаған ата- ана, заңды өкілі» бойынша 1 тұлға есепке қойылды. Есепте тұрған 21 отбасы, №94 санатта тұрған 3 жасөспірім мекен-жайлары бойынша тексеріліп, профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Тексеріс барысында құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. «Тәуекел тобындағы» отбасыларға, оның ішінде, тұрмыстық зорлық- зомбылық фактілері бар, соттылығы бар, толық емес, жедел жұмысты қажет ететін адамдарға ерекше назар аудара отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жедел-профилактикалық іс- шаралары туралы халыққа түсіндіре отырып, іс-шара өтуі туралы «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланды.
Ақбөбек ЕЛЕШОВА,
АПБ-нің жергілікті
полиция қызметі бөлімшесінің
ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік
полиция инспекторы,
полиция майоры