Жаңа бөлім өз қызметін бастады

Биылғы жылдың 5 қаңтарынан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында жаңа бөлім өз қызметін бастады. Бұл бөлім тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте жинақталған жүйелік мәселелерді шешуге, сондай- ақ азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлімде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Арайлым Сапарғалиева және отбасы- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, по­лиция майоры Асемгүл Салимова қызметке тағайындалып, еңбек етуде. Жаңа лауазымға тағайындалған полиция қызметкерлері отбасылық зорлық- зомбылықтың алдын алу, зардап шеккендерге көмек көрсету және құқық бұзушыларды жауапқа тарту бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

«Біздің жұмысымыздың әр күні отбасылардың қауіпсіздігі үшін күрес бо­лып табылады. Азаматтардан өтініштер қабылдаймыз, тексерулер жүргіземіз, зорлық-зомбылық жағдайларына жедел түрде ден қою үшін мекен-жайларға барамыз. Құқықтық шаралардан басқа, біз әлеуметтік қызметтермен, психо­логтармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Тек бірігіп, бірлікте жұмыс істеу арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, со­нымен қатар отбасылармен жұмыс істеу, профилактикалық әңгімелер жүргізу және психологиялық қолдау көрсету арқылы мәселені түбегейлі шешу», – дейді бөлімнің аға инспекторы, полиция капитаны А.Сапарғалиева.

Бөлім мамандарының қысқа мерзім ішінде атқарған жұмыстары нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте қырықтан астам құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT